2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күніне және Қостанай облысының 90 жылдығына арналған «Халыққа қызмет – қарыз бен парыз» атты квест-ойын өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің үш командасы 6 локацияны қызығушылықпен өтіп, онда біздің мемлекетіміздің заңдары мен туған өлкеміздің тарихы туралы білімдерін көрсетті. Бірінші орынды «Шешімдер матрицасы» командасы, екінші орынды «Әкімдер», үшінші орынды «Апельсиндер» командалары иеленді.
Квест-ойын өте қызықты өтті, мемлекеттік қызметкерлер күш-қуат пен білімге ие болды, бір ұйымшыл команда болып жұмыс істеді, грамоталар мен ынталандыру сыйлықтарын алды. Квестті дайындауға және өткізуге Денисов ауданының әкімдігі, орталық және балалар кітапханалары, аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану мұражайы қатысты.



