"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Қонақтарға, әрине, біздің Тобыл өзені ерекше әсер қалдырды (ол дәл біздің ауданда айрықша көркем!), сондай-ақ табиғаты әсем Түйемойнақ шатқалы мен қасынан кеткің келмейтін сарқырама да үлкен әсер сыйлады.

Топты Қостанайдың белгілі ғалым-биологы А.В. Андрющенко бастап жүрді. Ол біздің өлкеміздің геологиясы мен палеонтологиясы, осында өсетін өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, мүктер мен қыналардың тіршілігі туралы өте көп қызықты мәліметтер айтты.

Мұражай да қонақтарымызға қатты ұнады. Олар туған өлкенің тарихынан көптеген қызықты деректермен танысып, бірегей мұражай жәдігерлерін көрді.

Іс-шараны Қостанай қаласындағы «BEST.KZ» экскурсиялық бюросы ұйымдастырды. Бағдарлама аясында Бейімбет Майлин ауданындағы киелі орындар мен мұражайға, сондай-ақ Лисаков қаласына бару да жоспарланған болатын.

Мы в социальных сетях