
Сапар барысында қонақтар туған өлкенің бай тарихымен және мәдени мұрасымен танысты. Музей экскурсоводтары келушілерді экспозициялық залдармен таныстырып, қола дәуірінің археологиялық олжалары, қазақ халқының этнографиясы, сондай-ақ Денисов ауданы дамуының негізгі кезеңдері туралы айтып берді.

