Өлкетану зерттеуінің тұсаукесері.
Денисов тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында «Денисовка кентінің православиелік шіркеуінің тарихы» тақырыбы бойынша өлкетану зерттеуінің тұсаукесері өтті. Жұмыс мұражай экскурсоводы В. Чуриковамен және мұражай өлкетану клубының тәрбиеленушісі А. Сафроновамен жазылды. Өлкетану зерттеуі екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде қоныс аударған ауылда кеңес уақыты дейінгі және оның басындағы шіркеудің бар болуы туралы, ал екінші бөлімінде кеңес уақытынан кейінгі кезеңінде шіркеудің қайта өркендеуі туралы айтылады. Зерттеу Денисовканың 115-жылдығына ұштастырылды.