Қазақстанның қасиетті географиясы.
«Қамысты» қола дәуірінің нығайтылған қонысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында 2018 жылғы қаңтар айында, Қазақстанның қасиетті объектілеріне арналған
кітаптарының тұсаукесері өтті. Бұл кітаптар ғалымдар, археологтар, тарихшылар, этнографтар, бүкіл еліміздің өлкетанушыларының тынымсыз еңбегінің нәтижесі болды, олар «Қасиетті Қазақстан» құрылған ғылыми-зерттеу орталығында біріктірілді, осының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы болды, осыдан бір жыл бұрын Денисов тарихи-өлкетану мұражайында болған.
«Жалпыұлттық маңызы бар Қазақстанның қасиетті объектілері» кітабында - 185 орын бар, бірнеше категорияларға бөлінген. Бұл қатарға Қостанай облысының 10 объектісі кірді, соның ішінде «Қамысты» қола дәуірінің нығайтылған қонысы да енгізілді (Денисов ауданының Комаров ауылдық округі). Ол бұдан бұрын бізге Қазақстандық Аркаим сияқты белгілі болды ( Ресей Аркаимына ұқсас, өйткені осы екі археологиялық ескерткіш әлемге әйгілі «Қалалар еліне» жатады, Орал - Қазақ даласының аумағында 4 мың жыл бұрын орналасқан.
Ал «Өңірлік қасиетті объектілер» кітабына бүкіл елімізден 500-ге жуық объектілері кірді, оның ішінде Қостанай облысының жергілікті маңызы бар 19 объектілері енгізілді.