2018 жылғы 23 ақпан күні Перелески ОМ 4 сынып оқушылары үшін Денисов ауданының мәдениет қызметкерлерімен Денисовка ауылының атаулы және тарихи жерлері бойынша мәдениет мекемелеріне баруымен экскурсиялық тур ұйымдастырылды.
Жас экскурсанттар «Трактор ДТ-54» алғашқы тың игерушілеріне арналған ескерткішіне, «Керей мен Жәнібек» мүсін тобына, 1919 жылғы оқиғаларына арналған, Тобыл өзенінің биік жағасындағы ескерткішіне, Жауынгер ескерткішіне, сондай-ақ көне ғимараттар мен Денисовка ауылындағы жаңа саябақтарына барды, биыл Денисовка а. 115 жылдығын тойлайды.
Экскурсиялық бағдарламаға тарихи-өлкетану мұражайына, орталық балалар кітапханасына және аудандық мәдениет Үйіне баруы енгізілді, онда балаларға қызықты бағдарламалар ұсынылды: шолу және тақырыптық экскурсиялар, ойын бағдарламалары мен үлкен LED – экрандағы мультфильмдерді қарап шығуы.
Біздің ойымызша, балаларға бұл экскурсиялық тур естерінде қалады және олар өзінің кіші Отанының тарихы туралы тіпті жақсы біліп алады.
"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ
8 (71434) - 2 - 11 - 93