"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

"Қазақ тілінің латын графикасына көшуі"
жобасы бойынша мұражайдың зерттеу жұмысы.

   14 қыркүйектен бастап "қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру" жобасын іске асыру бойынша аудан ауылдарына үгіт бригадаларының шығуы басталды.
   Бірінші болып Комаров және Аршалы ауылдық округтері болды, ал 21 қыркүйекте біздің топ Қырым ауылдық округі мен Перелески ауылына барды.
   Зерттеу барысында мұражай қызметкерлері жергілікті тұрғындармен және қарт адамдармен кездесіп, 1929-1940 жылдардағы латын графигі бойынша материалдарды (бұл хаттар, фотосуреттер, құжаттар, қолжазбалар және т.б.) жинау жөнінде өтініш жасады.
   Мұражай қызметкерлері «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
   Бүгінгі күні біздің жұмысымыздың қорытындысы болып Перелески ауылының ақсақалы 1928 жылы туған, Әуезхан Жұбикеновтың естеліктері табылады.
   Ә. Жұбикеновтың естеліктерінен: "Латын графигінде бізді бастауыш сыныптарда жазуға үйрете бастады. Мен жазу дағдыларын тез меңгердім. Сол кезде газеттер екі графикте шықты, әр түрлі құжаттар латын тілінде, ал қоғамдық және саяси тақырыптар, қазақ тіліндегі жаңалықтар араб тілінде. Латын жазудан бас тартқаны үшін қатаң жаза қолданылды".
   Осы бағыт бойынша іздеу-зерттеу жұмыстары барысында мұражай қызметкерлері Денисовка ауылының тұрғыны С. С. Азимжановадан 1938 жылғы қазақ тілінде латын графикасындағы фотосуреттеріне ие болды. Бұл суреттегі жазу-біздің еліміз латын әліпбиіне көшуді қайта жоспарлап отырған кезде өте өзекті. Бұл фотосуреттер-біздің ата-бабаларымыз латын әліпбиін сәтті пайдаланғанын растайтын тарихи құжат.
   1929-1940 жылдардағы латын графикасының тарихы бойынша музей қызметкерлерінің жинау жұмысы жалғасуда…

 

Ә. Аманжолова,
Денисов тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері

Мы в социальных сетях