Алчанов негізгі мектебінің оқушылары Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Денисов тарихи-өлкетану мұражайында болды. Оқушылар мұражайдың археологиялық және этнографиялық экспонаттарымен танысты. Табиғат залында балалар жануарлар әлемін тамашалап алды, біздің өлкемізде мекендейтін сирек кездесетін құстар мен жануарлардың атауларымен танысты, Қызыл кітапқа енгізілген құстар туралы білді. Біздің жас келушілеріміз бос уақыттарын пайдалы өткізіп, ой-өрісін кеңейтті.
Балалар Денисов ауданының 80-жылдығына арналған "Туған жердің шежіресі" атты мұражай квестіне үлкен қызығушылықпен қатысты, оның сұрақтарына жауап мұражай залдарында іздеу қажет болды.