"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

 

   2017 жылғы 18 мамырда ашылған Қостанай облысының саясаткер әйелдер клубы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының жобасы болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен жан-жақты қолдау көрсетіледі.
   2019 жылдың 18 қаңтарында Денисов ауданының саясаткер-әйелдер клубының кезекті отырысы өтті, оны Қостанай облысының саясаткер-әйелдер клубының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы Р. Ш. Бектұрғанова өткізді. Іс-шараға Денисов ауданы әкімінің орынбасары Р. Х. Қаркенов қатысты.
   2018 жылдың жұмыс қорытындысы талқыланды және жаңа күнтізбелік жылға арналған қызықты жоспарлар белгіленді. Римма Шыңғысқызы қазіргі жағдай, облыс әйелдерінің саяси алға жылжу перспективалары, жобалардың орындалу барысы, кадрлық резервті қалыптастыру және отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асырудағы облыстағы саясаткер әйелдер клубтарының рөлі туралы айтып берді.
   Осы мәселелерді талқылауға «Нұр Отан» партиясы Денисов аудандық филиалы төрағасының орынбасары А. Е. Биктимисова, «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Н.С. Хасанова, Денисов ауданы әкімі әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, «Фармация – 19» ТД директоры, Денисов аудандық мәслихатының депутаты К. С. Амантаева қатысты.

18052019

 

Н. Таран, Денисов ауданының саясаткер-әйелдер клубының төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты.

 

Мы в социальных сетях