2019 жылғы 1 маусымда аудандық "Әлем" Мәдениет үйі жанындағы алаңда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті.
Бірнеше ондаған бала, мектеп оқушылары және тіпті ең кішкентай балалар да Денисов тарихи – өлкетану мұражайы дайындаған алаңдағы сайыстарға, ойындарға және спорттық жарыстарға қатысты. Біздің іс-шарамыздың мақсаты қуанышты, мерекелік, мейірімді атмосфера құру болды.
Мереке жарқын, қызықты болып өтті. Балалар спорттық, зияткерлік тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.

"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ
8 (71434) - 2 - 11 - 93