"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

   Жақында Денисов тарихи-өлкетану мұражайына Жұмабаев Бақытжан Низгулұлы балаларымен және немересімен келді.

   79 жастағы ақсақал – біздің жерлесіміз, Ақсу ауылының тумасы. Ол еңбек жолын Фрунзе мектебінде физика мұғалімі болып бастаған. Содан кейін жас педагог комсомол-партия жолына түсті.
1965-1969 жылдары Қазақстан ЛКЖО Денисов (Орджоникидзе) аудандық комитетінің екінші, содан кейін бірінші хатшысы болды.
   1969 жылдан 1972-ға дейін Қазақстан ЛКЖО Қостанай облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.
«Құрмет Белгісі» орденімен, төрт медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» атағы бар.
   Мұражай бойынша шолу экскурсиясынан кейін және Ұлы Дала металлургиясына арналған біздің жаңа көрмемен танысқаннан кейін, Бақытжан Низгулович бізге өз құжаттарын: комсомол және партия билеттерін, БЛКЖО мүшесінің есеп карточкасын мұражай қорына тапсырды.

0210201902102019 1

Мы в социальных сетях