Денисов тарихи – өлкетану мұражайының қызметкерлері кәсіптік-техникалық колледж студенттері мен Денисовка ауылының қоғамдық қызметкерлері үшін еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛ ТІЛЕГІ» атты мерекелік іс-шарасы дайындалды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген өзінің жеке, Еуразиялық даму жолын тарихи таңдау туралы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан халқын жеңген қиындықтар туралы қонақтарға мұражай басшысы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Н. Таран құттықтау сөз сөйледі.
Елбасының бірегей тұлғасы мен тарихи рөлі, Тәуелсіздіктің 28 жылдағы еліміздің даму Стратегиясы, еліміздің жаңа тарихы бойынша Тұңғыш Президент жазған ең қызықты кітаптар – "Қазақстан жолы", "Тәуелсіздік дәуірі" туралы біздің келушілеріміз "Тәуелсіз Қазақстан тарихының кезеңдері"көрмесінің тұсаукесерінен біле алды.Олардың назарына "Қазақстанның тәуелсіздігі туралы" бейнеролик, "Мен сені мақтан тұтамын, менің Қазақстаным!» компьютерлік тұсаукесер ұсынылды.
Аудандық мәдениет үйінің әншісі Т. Илимжановтың және Ж.Тұрмағамбет жетекшілігінде балалар музыка мектебінің вокалдық тобының орындауында музыкалық нөмірлер бірде-бір адамды бей-жай қалдырмады.
Мерекелік іс-шараның ерекшелігі мұражай қызметкерлерінің балалары Аяжан Аманжолова мен Жансая Мантаеваның туған өлкеміз туралы өлеңдері оқылды.
"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ
8 (71434) - 2 - 11 - 93