"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

  2020 жылдың 19 ақпанында Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері № 1 Денисов орта мектебінің оқушыларына «ХХ ғасырдағы қазақ алфавиті» тақырыбында дәріс өткізді. Мұражай қызметкерлері б.з. VІ ғасырынан бастап қазіргі заманға дейінгі қазақ жазбасының пайда болу тарихы туралы әңгімеледі. Балалар мұражай қызметкерлері «1929-1940 жылдардағы қазақ әліпбиінің тарихы» атты іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізетіні туралы білді, этнографиялық сапар барысында жергілікті тұрғындар мен қарт адамдармен кездесіп, аудан тұрғындарына 1929-1940 жылдардағы латын графигі бойынша материалдар жинау жөнінде өтініш білдірді (бұл хаттар, фотосуреттер, құжаттар, қолжазбалар және т.б.). Оқушылар «ХХ ғасырдағы қазақ әліпбиінің тарихы» көрмесінде ұсынылған осы жұмыстың нәтижелерін көре алды.

1902202019022020 1

19022020 219022020 3

Мы в социальных сетях