"Түркі әлемінің бесігі», – бұл тақырыпқа "Музейдегі түн" акциясы арналды. Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері бір экспонаттың көрмесін дайындады, онда көне түркі тас мүсіні ұсынылды.
Сондай-ақ, "Ежелгі шеберлік сабақтары" көрмесінің ашылуы болды, ол үшін материалдары бізге Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы ұсынды.
Сондай-ақ, жазылушылар назарына виртуоз орындаушы, ақын, сәндік-қолданбалы шығармашылық шебері Газезов Бекзат Батырболатұлымен «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталатын мастер-класс ұсынылды.
Іс-шара материалдары музейдің сайтында, «Бейнегалерея» бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/