"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

     2020 жылдың 15 қазанында мұражай қызметкерлері Аят ауылдық округінің Ақсу ауылына этнографиялық сапарға шықты. ХІХ-ХХ ғасырларда бұл ауылда металды өңдеумен, еңбек құралдарын, оқ дәрімен атылатын қаруын, ыдыс-аяқты, сондай-ақ музыкалық аспаптарды, әдемі зергерлік әшекейлерді қолдан жасаумен шұғылданған Жұминдер ұсталар әулеті тұрған. Ақсу ауылының бұрынғы тұрғындарынан бүгінгі күнге дейін осы әдемі зергерлік әшекейлерді кездестіруге болады. Өкінішке орай, қазір бұл ауылда тек 7 үй қалды.
   Біздің сапарымыздың мақсаты-Ақсу ауылында тұратын Жұминдер ұсталарының отбасы туралы мәліметтерді жинау. Бір кездері бұл әулет өзінің қолөнерімен және шеберлігімен бүкіл ауданымызда танымал болған. Біз Жұминдер отбасының ұрпақтары-Әбдіғалым Жұминмен (Асылханның ұлы) кездестік. Ол бізге ата-бабалары, темір ұсталығы туралы айтып берді. Жұминдер отбасының бес ұрпағы ұсталық кәсіппен айналысқан – Бөрібай, Сыртай Бөрібайұлы, Жұма Сыртайұлы, Әбдірахман Жұмаұлы, Асылхан Әбдірахманұлы. Мұражай қызметкерлері ауылдың шетінде орналасқан ескі ұстахананың орнында болды. Бұл темір ұстаханасынан бір ғана қабырға қалды. Біз 1928 жылы салынған Әбдірахманның ескі үйін көрдік, бірақ өкінішке орай бұл үйде тұра алмады, өйткені сол жылы оның мүлкі тәркіленіп, Әбдірахманның өзі отбасымен бірге Көкарал (Арал теңізінің жанында) жеріне жер аударды. Жұмин Әбдірахман 1947 жылы туған өлкесіне қайтып келгенде, оның тұратын үйі болмаған, сонда оның жерлестері бәрі жиналып үй салған. Сол ескі үйдің орнында болдық, өкінішке орай, қазіргі уақытта үйдің бір ғана қабырғасы ғана қалған және бұл жер ағаштарпен өсіп кеткен. Осы үйдің жанындағы ескі құдықтың фотосуретін түсірдік. Бір қызығы, бұл құдықта әлі күнге дейін су бар. Бекер емес бұл ауыл да, бұл көркем жер де «Ақсу» деп аталады, бұл қазақ тілінен аударғанда «Таза су» дегенді білдіреді.
   Жиналған материалдар бойынша мұражай қызметкерлері бейнесюжет шығаруды жоспарлап отыр.

Jumin

 

 

Мы в социальных сетях