«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және өлкетану бағдарламалары аясында Денисов ауданының білім беру бөлімі Денисов тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп, 2020 жылғы 2-6 қараша аралығында аудан мектептерінің оқушылары үшін экскурсиялар циклын ұйымдастырды.
Балаларға Денисовка ауылының ескерткіштері мен көрікті жерлерін аралау арқылы автобус экскурсиялары ұсынылды.
Содан кейін оқушылар тарихи-өлкетану мұражайына барып, олар үшін ауданның ежелгі заманнан, қазіргі уақытқа дейінгі тарихы туралы шолу экскурсиялары мен тақырыптық дәрістер өткізілді.
Біздің жас экскурсанттар Қазақстанның киелі жерлерінің тізімінде біздің ауданда киелі деп танылған нысан бар екенін білді.
Олардың «Денисов жерінде сақталған құпиялар» фильмін көру ерекше қызығушылығын тудырды, онда біздің ауданның бірегей археологиялық ескерткіші - қола дәуірінің бекіністі қонысы «Қамысты» туралы айтылады. Мұражайға барлығы 102 адам келді.
"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ
8 (71434) - 2 - 11 - 93