20 қараша күні Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Аманжолова Ә.Б. мен Баум Е.А. «Рухани Қазына» бағдарламасы аясында «Елімнің шежірелі байлығы» облыстық мұражайлардың онлайн-фестиваліне «Ақсу ауылынан шыққан ұсталар әулеті» бейне экскурсиясымен қатысты. Бұл бейне экскурсияда Денисов ауданының Ақсу ауылында тұрған ХІХ-ХХ ғасырларда металды өңдеумен, еңбек құралдарын, оқ дәрімен атылатын қаруын, ыдыс-аяқты, сондай-ақ музыкалық аспаптарды, әдемі зергерлік әшекейлерді қолдан жасаумен шұғылданған Жұминдер ұсталар әулеті туралы айтылады.
Фестиваль 2020 жылдың 20 қарашасында Instagram әлеуметтік желісінде @culture_tobyl парағында басталады, оның нәтижелері 2020 жылдың 27қарашасында жарияланады. Мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде бейнематериал 30 қарашада жарияланады.