2020 жылдың 10 желтоқсанында Денисов тарихи-өлкетану мұражайына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есимова келді.
Сапар барысында Б.А. Есимова мұражай экспозицияларымен танысты. Табиғат залының экспонаттары, сондай-ақ Покровка ауылдық округінен 2018 жылы табылған ежелгі түрік жауынгерінің тас мүсіні ерекше қызығушылық тудырды. Археологиялық экспозицияның жанында да қызықты әңгіме болды, онда біздің жалпыұлттық маңызы бар бірегей қасиетті объектіміз – Денисов ауданының Аршалы ауылдық округінде орналасқан қола дәуірінің нығайтылған «Қамысты» қонысын ғылыми зерттеу мәселесі көтерілді.