"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Құрметті Денисов ауданының тұрғындары!

   ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін республикалық мемлекеттік комиссия құрылды, Қостанай облысында ақталмаған тұлғаларды анықтау бойынша облыстық комиссия құрылды.
   Денисов ауданында 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын – сүргін құрбандары туралы материалдарды жинау мен зерделеуді ұйымдастыру бойынша кешенді тәсілдің жұмыс тобы жұмыс істейді, оған мұражай қызметкерлері мен аудан мектептерінің тарих мұғалімдері кірді.
   Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сайтында Қостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандардың және ақталғандардың тізімі жарияланды http://kstounb.kz/kz/tizim
   Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыздың бірі қуғын-сүргінге ұшырап, әлі ақталмаған болса, онда сіз Денисовка ауылы, Ленин көшесі, 20 үй, орталық аудандық кітапхана ғимараты мекен-жайы бойынша Денисов тарихи-өлкетану мұражайына жүгіне аласыз.
Туындаған сұрақтар бойынша мұражай басшысы Таран Наталья Ивановнаға хабарласыңыз. Телефоны 8-714- 34 – 211 - 93, Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
   Сауалнама жүргізгеннен кейін Сіз ұсынған мәліметтер одан әрі қарау үшін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жіберіледі.

kniga ckorbi

 

Мы в социальных сетях