"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

     Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында 2021 жылғы 19 наурызда Денисов тарихи-өлкетану мұражайы санитарлық нормаларды сақтай отырып, кешенді іс-шара өткізді.
«Бабалар шеберлігі: халық жанының айнасы» көрмесінде сәндік-қолданбалы шығармашылық элементтері бар маталар мен киізді көркем өңдеу бұйымдары ұсынылды. Кесте тігу-қазақ халық өнерінің аса қызықты және ерекше түрлерінің бірі.
   Көрмеге № 2 Денисов орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары қатысты. Мұражай қызметкерлері оларға үй қолөнерінің әртүрлі түрлері туралы айтып, қазақ халқының тұрмысымен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, киіз үйдің жабдықтарымен таныстырды.
   Оқушылар үшін «Наурыз мейрамы - көктем мерекесі» этнографиялық сағаты өткізілді. Балалар Наурыз мерекесінің шығу тарихымен, осы күнге байланысты салт-дәстүрлермен танысты. Әдетте, кез-келген мерекенің өз әдет-ғұрыптары бар, оны біз сақтауымыз қажет. Мұражай қызметкерлері баршаны келе жатқан мерекемен құттықтап, амандық тілеп, оқушыларға бауырсақ пен тәттілер сыйлады.
   Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған:
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

19032021 2

Мы в социальных сетях