"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Жерлестеріміздің қазақ тілін латын әліпбиі негізінде қолдану тарихына арналған постерлер топтамасын жалғастырамыз.

Мақсаты: әлеуметтік желі қолданушыларын біздің жерлестеріміздің 1929-1940 жылдары латын негізіндегі қазақ тілін пайдалану тарихымен таныстыру.

Бүгін біз іздеу жұмыстары нәтижесінде жиналған Денисов тарихи-өлкетану мұражайының коллекциясынан құжатты ұсынамыз.

Біз жазылушылардың назарына 1939 жылы Қостанай облысы ҚазКСР еңбекшілер депутаттарының Әйет ауылдық кеңесі Дамагүл Итемгенованың атына берген № 6 депутаттық билетті ұсынамыз.

Құжат бланкісі орыс (кириллицада) және қазақ тілдерінде (1929-1940 ж.ж. латын негізінде) басылған. Оң жағындағы бұрылыста ҚазКСР түрлі-түсті Елтаңбасының бейнесі орналастырылған; масақты орайтын лентада, республиканың атауы латын графикасымен қазақ тілінде жазылған. Елтаңбаның астындағы «Бірінші шақырылым» деген жазу қазақ тілінде – латынша жазылған. Құжаттың оң жақ бұрышындағы мөр бедері де латын қарпімен жасалған.

Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Instagram: museum_denisovka, Ок: https://ok.ru/museum.denisovka ВК: http://www.museum.denisovka.kz

29 06 2022 1

Мы в социальных сетях