"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда Домбыра күні аталып өтіледі. Домбыра-қазақ халқының мәдени қазынасы. Бұрын музыкалық аспап әр үйде болатын, ал қазір де ол өзектілігін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасының Домбыра күні қарсаңында Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері зергер-ұста әулетінің ұрпағы Жұмин Әбдіғалым Асылханұлымен кездесу өткізді. Әңгіме барысында Әбдіғалым Асылханұлы өзінің ұста әулеті туралы айтып берді. Олар – Жантілес – Бөрібай – Сыртай – Жұма-Әбдірахман-Асылхан, темірді өңдеумен, еңбек құралдарын, қару - жарақ, ыдыс-аяқты, әдемі зергерлік әшекейлерді, сондай-ақ музыкалық аспаптарды қолдан жасаумен айналысты.

Әрбір отбасында өткен ұрпақтардан қалған, жүрекке қымбат естелік заттар бар, сондай  өте қымбат нәрсе,  Жумин Әбдіғалым Асылханұлының отбасында бар – бұл Асылхан Әбдірахманұлының әкесінен берілген қазақтың ұлттық аспабы-домбыра. Жуминдердің отбасылық салт -дәстүрі бойынша бұл сирек кездесетін нәрсе, жүз жылдан астам уақыт бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Домбыра қызыл ағаштан жасалған, атасы Жұмин Әбдірахманның қолымен жасалды.

Материалдар мұражай сайтында, «Видеогалерея» бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Instagram: museum_denisovka, http://old.museum-denisovka.kz/ОК: https://ok.ru/museum.denisovka ВК: https://vk.com/museum.denisovka

04 07 2022 1 

Мы в социальных сетях