Жерлестеріміздің латын әліпбиі негізінде қазақ тілін қолдану тарихына арналған постерлер топтамасын жалғастырамыз.
Бүгін біз Денисов тарихи-өлкетану мұражайының коллекциясынан қызықты фотосуретті ұсынамыз, ол біздің атақты жерлесіміз, ақын, жазушы, журналист және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Аманғали Сегізбаевқа (1897 – 1944) тиесілі болды. Суретте екі әйел бейнеленген. Оң жақта жас әйел – Аманғали Сегізбаевтың жұбайы- Рабиға Сегізбаева. Сурет фотоательеде түсірілген. Бұл сурет 1925 жылы түсірілген.
Фотосуреттің артқы жағында 1929-1940 жылдардағы латын графикасы негізінде қазақ тілінде жазу бар. Жазу жақсы оқылады: «Рабиғаның суреті 1925 жылы түскен».
Фотосурет 2014 жылы біздің музейге Ораз Аманғалиұлы Сегізбаевпен және Светлана Аманғалиқызы Наурызбаевамен, Аманғали Сегізбаевтың балаларымен берілді.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/ https://ok.ru/museum.denisovka