"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

28 қыркүйекте Денисов тарихи-өлкетану мұражайы ZOOM платформасында «Шинельдегі журналистер» атты онлайн іс-шара өткізді.  Іс - шара атақты жерлесіміз, ақын, жазушы, журналист және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Аманғали Сегізбаевтың 125 жылдығына арналды. Аманғали Сегізбаев соғысқа дейін «Социалистік Қазақстан» газетінде (қазіргі «Егемен Қазақстан» газеті) меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.

Іс - шараға: Аманғали Сегізбаевтың немересі-Наурызбаев Әсет Қабдушұлы, белгілі экономист және энергетик, математик, KEGOC корпорациясының бұрынғы басшысы, Нұрмағамбетова Алматай Тойманқызы – Л. Толстой атындағы  Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, ақын Б. К. Калимов, өлкетанушы Б. Э. Испулов, мәдениет қызметкерлері, Денисов ауданы мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Әсет Қабдушұлы Наурызбаев өз жерлестеріне жылы лебізін білдіріп, жиналғандарға атасының шығармашылығына деген қызығушылығы мен естелігі үшін алғысын білдірді. Өздері ұйымдастырған «Жазушылар. Жерлес. Азамат» тақырыптық көрмесімен, Л. Толстой атындағы кітапхананың әріптесі Нұрмағамбетова Алматай Тойманқызы бөлісті. Қонақтар Аманғали Сегізбаевтың өмірі мен әдеби қызметі туралы білді.

Біздің жерлесіміздің  шығармалары «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы»  КММ басшысы Оңалбек Салтанат Оңалбекқызы,  Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімі  «Т. Дарқанбаев атындағы Әйет жалпы білім беретін мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Матвеева Анастасияның орындауында керемет орындалды.

Батырбек Қаппазұлы Қалимов Ақсу ауылының тумасы. Оның шығармашылығында кіші Отанымыздың сұлулығы туралы «Ақсу» және соғыстан оралмаған «Обелиск»  туралы жанды өлеңдер бар, оларды кездесудегі қатысушылар үлкен қызығушылықпен және зейінмен  тыңдады.

Денисов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нағима Спанқызы Хасанова конференция қатысушыларына алғысын білдіріп, біздің атақты жерлестеріміз туралы естелік сақтауға тілек білдірді.

Мұражай қызметкерлері мұражай көрмесін, презентациясын дайындады, Ақсу ауылы, онда туылған танымал адамдар туралы баяндайтын қызықты бейнеролик түсірілді. «Шинельдегі журналистер» көрмесінде біздің мұражайға Ораз Аманғалиұлы мен Светлана Аманғалиқызы Наурызбаеваларымен, Аманғали Сегізбаевтың балалары берген сирек кездесетін артефактілер – фотосуреттер, қолжазба, орыс-қазақ сөздігі ұсынылды.

Аудан тұрғындары мен қонақтарын көрмеге қатысуға және Аманғали Сегізбаевтың жарқын естелігін құрметтеуге шақырамыз.

Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/ https://ok.ru/museum.denisovka

30 09 2022 230 09 2022 3 

Мы в социальных сетях