"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

2025 жылғы 30 мамырда Денисов тарихи-өлкетану музейі «Денисов ауданының тарихындағы оқиғалар мен күнтізбелік күндер»  ақпараттық постерін жариялады. КСРО-да Орджоникидзе (Қазіргі Денисов) ауданының «Покровский» совхозында (1950 жылы 30 мамырда) өсірілген «Қазақ ақбас» ірі қара малдың алғашқы тұқымы ресми түрде бекітілген кезге 75 жыл өтті.

Қазақ ақбас тұқымы Қазақстанда күрт континенталды климат жағдайында Уругвай мен Англиядан әкелінген «Герофорд» тұқымын аталы бұқаларды шағылыстыру арқылы өсірілді. Олар жергілікті, байырғы малмен шағылыстырылды. Ұзақ селекциялық жұмыстың нәтижесінде олар жоғары сапалы өнімдері бар жаңа тұқымды алды – керемет «мәрмәр» етімен, ауыр тірі салмағымен.

Тірі салмағы 1000 кг – нан асатын «Жулик» атты тұқымды аталы бұқа Мәскеудегі халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінде (ХШЖК) «Алтын медальмен» (1970-ші жылдар) марапатталды.

Мы в социальных сетях