2025 жылғы 1 маусымда Денисов тарихи-өлкетану музейі мәдениет және білім қызметкерлері дайындаған Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар Әлемі» мерекелік бағдарламасына қосылды. Ауыл алаңында біздің балалар ән айтты, ойнады, би биледі, сурет салды, квесттерге, викториналарға, мастер-кластарға қатысты. Музей қызметкерлері «Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі» ойын бағдарламасын өткізді, онда біздің кішкентай қонақтарымыз эстафеталарға, ойындарға қатысып, тәтті сыйлықтар алды. Негізгі бағдарлама аяқталғаннан кейін балалар ата-аналарымен бірге музейге келді.

"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ
8 (71434) - 2 - 11 - 93