"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

       21 қарашада Денисов тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің «Жарықпен жаңғыру» атты жеке көрмесі ашылды.

       Ұсынылған 11 жұмысты автор флуоресцентті бояуларды қолдана отырып жасаған және ультракүлгін сәулелермен олар сиқырлы көрінеді. Көрменің алғашқы көрермендері мұғалім Вера Сидоренкомен бірге балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушілері, мәдениет және әлеуметтік қорғау мекемелерінің қызметкерлері, зейнеткерлер болды.

       Вернисажды жас музыканттар орындаған аспаптық композициялар безендірді. Көрменің музыкалық сүйемелдеуі үшін Денисов музыкалық мектебінің жетекшісі Елена Зимовецке алғысымызды білдіреміз.

       «Жарықпен жаңғыру» көрмесін Денисов тарихи-өлкетану музейінің көрме залында тағы екі ай бойы көруге болады.



Мы в социальных сетях