"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

         2025 жылғы 19 қарашада Денисов музейінің қызметкерлері Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Музейлер және тарихи-мәдени мұра: өткені, бүгіні және болашағы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.   

Іс-шара «Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды, оның 140 жылдығын биыл атап өтеміз.

Біз музейдің мерейтойына арналған қызықты көрменің ашылуына және музей ісі және қазақ зергерлік бұйымдарын жасау бойынша мастер-класына  қатыстық.

Конференцияда музей басшысы Н. Таран «Музейдің қоғаммен өзара іс-қимылы: музей және ғылым» тақырыбында баяндама жасады.

         Конференция қатысушыларына естелік кәдесыйлар, конференция материалдарының жинақтары, өңіріміздің ең үлкен музейінің тарихы туралы баяндайтын түрлі-түсті кітап басылымдары табыс етілді.

Конференция керемет өтті! Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс. Қостанай облыстық музейінің ұжымына жаңа табыстар, жаңа артефактілер, жаңа ашылулар!



Мы в социальных сетях