
28 қарашада № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 9 «Б» сынып оқушылары үшін Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ұлы ақын және «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Ұлтын оятқан Ұлы тұлғалар» дәрісін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты қазақ ақыны мен жазушысының, публицистінің, педагогының, қоғамдық және саяси қайраткерінің, «Алаш-Орда» үкіметі мен Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірінің өмірімен және қызметімен таныстыру, оның шығармашылық мұрасын, ұлттық идеяларын дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың ана тілін, тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Іс – шара барысында М.Дулатовтың қызы Гүлнар Мыржақыпқызының бейнеролик-естеліктерімен және М. Дулатұлы туралы қысқа деректі фильмдермен сүйемелденген Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Іс-шараға қатысушылар үшін зияткерлік-танымдық викторина дайындалды. Қатысушылар төрт тақырыптық турдан өтті, олардың әрқайсысы М.Дулатұлының өмірі, шығармашылығы мен мұрасы туралы білімдерін тексерді.


