"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

        2025 жылғы 5 желтоқсанда музейде Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлы Отан соғысының аңызға айналған қолбасшысы» атты ерлік сабағы өткізілді.  

№ 2 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 7-8 сынып оқушылары майдангер офицер мен жазушының еолік өмірбаяны, 316-шы Қазақстандық панфиловшылар дивизиясының батылдығы мен табандылығы туралы білді. Бауыржан Момышұлының тактикасы мен стратегиясы туралы Мәскеу үшін шайқаста кітаптар жазылды, көркем және деректі фильмдер түсірілді, олардың үзінділерін біздің жас келушілер көрді.

Бауыржан Момышұлы көзі тірісінде аңызға айналды, жастарға үлгі болды. Оның кітаптары әлі күнге дейін әскери оқу орындарында зерттелуде. Момышұлы Эрнест Че Гевара мен Фидель Кастро үшін кумир болды, Александр Бектің Мәскеу шайқасы мен панфиловшылар батырларының ерлігін сипаттайтын «Волоколамское шоссе» кітабы олардың сүйікті кітаптарының бірі болды.

Іс-шараға экспресс-көрме дайындалды, онда Бауыржан Момышұлының өзі және ол туралы, қазақстандық батырлар туралы, ұлы шайқастар мен кеңес сарбаздарының ұлы ерлігі туралы кітаптар ұсынылды.

 

Мы в социальных сетях