"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

1_

2026 жылдың 30 маусымында Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» атты викторинаны, «Ұлттық домбыра күні» экспресс-көрмесін және «Домбыра – біздің байлығымыз бен мақтанышымыз» атты бейнедәріс өткізді. Шара Қазақстан Республикасындағы Домбыра күніне арналды. Шараны Денисов балалар музыка мектебінің музыка жетекшісі Валиханов Азамат Бауыржанұлы Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай», Нұрғиса Тілендиевтің «Алқисса» атты танымал күйлерін орындап ашты.

Шараның мақсаты – «Солнечный » балалар лагерінде демалушыларды домбыра туралы аңыздармен, оның құрылысымен таныстыру, қазақ халқының музыкалық аспаптары туралы көзқарастарын кеңейту, қазақ халқының музыкасына, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.

Музей қызметкерлері домбыра, еңбек сіңірген домбырашылар, домбыраның шығу тегі туралы аңыз, қазақ халқының мәдениет символы ретіндегі домбыраның тарихы туралы әңгімеледі.

Балалар «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» викторинасына белсенді қатысып, «Сөзді тап», «Алақан соғайық та, табанымызды ұрайық» ойындарына, «Домбыраны бер» музыкалық-қимылды ойынына, сондай-ақ «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» викторинасына қатысып, пазл құрастырып, жұмбақ шешіп, сұрақтарға жауап беріп, қазақ халқының музыкалық аспаптарының топтарына (ішекті, үрмелі, соқпалы) қарай музыкалық аспаптарды сұрыптады.

Мы в социальных сетях