Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай Денисов тарихи-өлкетану мұражайы Денисов кәсіптік – техникалық колледжінің 1 курс студенттері үшін "Олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз» еске алу сағатын өткізді.
Іс-шараға қонақтар шақырылды: Денисов аудандық мәслихатының хатшысы А. Е. Мурзабаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ардагері В. П. Низдоминов, аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы А. С. Каримбаева, интернационалист-жауынгерлердің жесір әйелдері Г. Т. Кадамбаева, Т. Я. Коськовецкая.
Іс-шараға танымдық презентация және жылжымалы көрме дайындалды, онда Денисов ауданының жауынгер-интернационалистерінің жеке мұрағаттарынан бірегей фотосуреттері ұсынылды.
Балалар өздерінің әскери борыштарын біздің сарбаздарымыздың қалай орындағаны туралы білді.
Ал ең бастысы-жастар Отанға, туған-туысқандары мен жақындарына деген шыдамдылық, батылдық пен үлкен махаббаттығымызды түсініп, біздің жауынгерлеріміз осы соғысты шыдап және батыр болып үйлеріне оралуға көмектескенін айқын түсінді.
"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ
8 (71434) - 2 - 11 - 93