Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының мәні бәрімізге белгілі. Бұл жерде қазақтардың барлық дәстүрі атап өтілді. Осы мақала аясында 20 ақпанда Денисов тарихи – өлкетану мұражайының қызметкерлері "Мирас" өлкетану үйірмесінің балаларына «Көшпелі халықтың ежелгі өнері» атты интерактивті іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында балалар қазақ тұрмысының қызықты экспонаттарымен танысты: ХІХ ғасырдың ағаш табағы, ХІХ ғасырдың күбісі, торсық, қол диірмен және басқа да тұрмыстық заттармен танысты. Мұражай қызметкері әрбір экспонат туралы толық мәлімет берді, балалар мұражайдың экспозицияларымен танысты, экспонаттарды қарап сұрақтар қойды.
Іс-шара соңында балалар өз қолдарымен қағаздан киіз үй жасап, қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірді.
"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ
8 (71434) - 2 - 11 - 93