2020 жылдың 28 қаңтарында Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері «Қазақстанның жұмбақ орындары» іс-шарасымен Некрасов модельдік кітапханасына барды.
№ 1 Денисов орта мектебінің 6 сынып оқушылары тарихи лабиринт бойынша саяхат жасап, Отанымыздың ең әдемі және жұмбақ орындарында болды. Олар Шарын шатқалы, Мерке, Жайсан, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Жаманшыны метеорит кратері туралы көп қызықты мәліметтер алды.
«Қазақстанның ежелгі жерінің жұмбақтары» атты экспресс – көрме ұйымдастырылып, онда ерекше қастерлі тарих және табиғи мұра ескерткіштері туралы материалдар ұсынылды.
Соңында оқушылар «Қостанай облысы бойынша саяхат-ойын» зияткерлік ойынына қатысты.