2020 жылдың 29 қаңтарында Денисов тарихи-өлкетану мұражайында жас өлкетанушылардың «кіші» отанымыздың тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын қолдау мақсатында «Здесь Родины моей начало» атты тарихи – өлкетану сағаты өткізілді. Оқушылар «Родина» сөзжұмбағының шешімін ойлап тапты, «Менің Отаным – бұл …» кластерін құрастырды.
Бірінші қоныс аударушылар, ауылдың қарт-қария тұрғындары, Денисов ауданының аумағында қазақ руларының қоныстануының қызықты фактілері туралы әңгімені жүргізуші этнографиялық залда жалғастырды.
Денисовка селосы Тобыл өзеніндегі Түйемойнақ (түйе мойыны) әдемі шатқалында болғандықтан, оқушылар шығармашылық тапсырманы орындады: түйе үлгісін, қағаздан оригами техникасымен жасау.
"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ
8 (71434) - 2 - 11 - 93