Өлкетану бағыттары
2020 жылдың қаңтар айында Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Әйет, Красноармейск ауылдық округтері мен Жітіқара қаласына өлкетану зерттеулерін жүргізу мақсатымен барды.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай біз Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Ұзақбай Балбатыровтың туыстарын іздейміз, Ақсу ауылынан майданға кеткен. Өкінішке орай, қазіргі уақытта Әйет ауылдық округінде солдаттың туыстарын таппадық.
Фрунзе ауылында біз ауыл ақсақалдарымен кездестік: Атнагулова Расима - 1926 жылы туған, Иманғалиева Раушан - 1939 жылы туған соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісті.
Красноармейка ауылының 1941 жылы туған тұрғыны Жумина Қалкүл Зұлқанқызы мұражайға атақты зергерлер әулетіне тиесілі болған, ыстық, қолмен және көркем соғуға арналған ұсталық аспаптар мен құралдар жиынтығын сыйға берді. Мұражай қорын тарихи маңызы бар қызықты заттармен толықтырғаны үшін Жуминдердің отбасына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жітіқара мұражайының әріптестері бізге Львов көтерілісі туралы материалдардың көшірмелерін берді. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры Естай Ищанов туралы қызықты өмірбаяндық мәліметтерді Жітіқара қ. № 9 мектептің мұражайында көрдік.
Біздің іздеуімізге көмектескендері үшін Әйет ауылдық округінің әкімі Лина Валитовна Досмұхамедоваға алғысымызды білдіреміз.